KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Премьер-министр: Инфляцияның ең көп өсуі Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Маңғыстауда тіркелді

сурет: primeminister.kz

12.03.2024, 12:39 109 Оразай Жеңісұлы

Премьер-министр Олжас Бектенов министрлер мен әкімдердің тауар бағасын тұрақты ұстай алмай отырғанын айтты,  деп хабарлайды Altainews.kzсайты KAZINFORM-ға сілтеме жасап.

«Үкімет жұмыла жұмыс істеп, экономиканың барлық салаларын тиімді үйлестіруі керек. Әріптестер, біз мынадай шараларды қабылдауымыз қажет. Бірінші. Сіздердің назарларыңызды Үкімет пен Ұлттық Банктің алдында тұрған өте маңызды міндет – инфляциялық қысымды төмендету мәселесіне аударғым келеді. Екі айдың қорытындысы бойынша инфляция жылдық мәнде баяулап, 9,3% болды. Биыл Үкімет пен Ұлттық Банктің алдында оны 8%-дан төмен ұстап тұру міндеті тұр. Күріш, жұмыртқа, жемістер, сусындар, сары май және макарон өнімдерінің бағасы қымбаттаған. Көріп отырғанымыздай, бағасы өсіп кеткен позициялардың саны едәуір көп», - деді ол Үкімет отырсындаы.

Үкімет басшысының пайымдауынша, бұл орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екендігін көрсетеді.

«Өңірлер арасында инфляцияның ең көп өсуі Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында тіркеліп отыр. Серік Мақашұлы, (Премьер-министрдің орынбасары – ред) аталған мәселенің әлеуметтік маңызы зор, сондықтан оны қатаң бақылауда ұстаңыз», - деді Олжас Бектенов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив