KZ
Өскемен
-16°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
504.6 594.27 6.48

Өнеркәсіп саласына жыл сайын 13 мыңнан астам жас маман жұмысқа орналасады

Фото: t.me/KZgovernment

31.07.2025, 13:00 271 Ержан Әбіш

Қазақстанда жыл сайын өнеркәсіп саласында 13 мыңнан астам жас маман тұрақты жұмысқа орналасады. Бұл туралы Индустрия және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, өндіріс орындарына қажетті мамандарды даярлау ісінде кәсіби стандарттарды енгізу және дуальды білім беру жүйесін дамыту негізгі құралға айналуда. Ағымдағы жылы Индустрия және құрылыс министрлігі сегіз сала бойынша 88 кәсіби стандартты әзірлеп, жаңартуды жоспарлап отыр. Бұл 544 мамандықты қамтиды.

Кәсіби стандарттарды енгізу нақты сектордың кадрларға деген сұранысын білім беру жүйесімен ұштастыруға мүмкіндік береді. Бұл еңбек нарығындағы мамандардың сұранысқа ие болуын арттырады. Сонымен қатар, теория мен өндірістік тәжірибені үйлестіретін дуальды оқыту үлгісіне айрықша көңіл бөлінуде. Бүгінде дуальды оқыту жүйесі негізінде елімізде 284 колледж 700-ден астам кәсіпорынмен серіктестікте кадр даярлайды. Бизнесті тарту арқылы жасалған меморандумдар аясында нақты өндіріс орындарының сұранысына бейімделген 30-дан астам білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Нәтижесінде жыл сайын 13 мыңнан астам жас маман тұрақты жұмысқа орналасуда. Сонымен қатар, кәсіптік бағдарлау бағытында мыңдаған мектеп оқушысына жүйелі түрде іс-шаралар ұйымдастырылады. 2024 жылы 2 мыңнан астам студент өнеркәсіп кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтті. Алдыңғы қатарлы білім беру технологияларын енгізу мақсатында халықаралық әріптестікті дамыту жұмыстары жалғасуда, – деді Иран Шархан.

Бұл тәсіл кадрлар санын арттырумен қатар, олардың сапасын да көтеруге мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, өнеркәсіп секторының технологиялық трансформациясы жағдайында және жұмысшы мамандарға қойылатын талаптардың күшеюіне байланысты ерекше маңызға ие.

Дамир Омаров

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу