«Мектеппен байланыс»: әскерилер білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты жалғастыруда
Құрлық әскерлерінің елордалық 68665 әскери бөлімінде Қызылорда, Қарағанды, Жетісу облыстарының, сондай-ақ Шымкент пен Астана қалаларының мектептерімен телекөпір ұйымдастырылды. Бұл білім ордаларында бір кездері қазіргі сарбаздар оқыған болатын, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Онлайн-кездесуге ұстаздар, сарбаздардың туыстары және оқушылар қосылды. Әскери қызметшілер әскердегі күнделікті өмірі, жауынгерлік даярлығы және Отан алдындағы борышын өтеген жастар үшін берілетін мүмкіндіктер туралы айтты. Кейбір сарбаздар әскери қызметті өз өмірлік жолы ретінде таңдағанын түсіндірді.
Іс-шараға ҚР Қорғаныс министрлігінің тәрбие және идеологиялық жұмыс, әскери білім және ғылым департаменттерінің өкілдері, сондай-ақ әскери бөлімнің жеке құрамы қатысты.
Мұндай бастамалар жасөспірімдерді патриоттық рухта тәрбиелеуге, әскери қызметке оң көзқарас қалыптастыруға және мектеп оқушылары мен сарбаздар арасындағы рухани байланысты нығайтуға ықпал етеді.