KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
504.49 587.73 6.57

ШҚО – 590 кг есірткі тәркіленді

depositphotos.com

10.10.2025, 17:00 166 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері жарты тоннадан астам есірткі тәркіленген. Облыстық Полиция департаменті есірткіге қатысты 225 құқықбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті тоғыз айдың ішінде облыс аумағында 590 килограммнан асатын әртүрлі есірткі заты, соның ішінде 3 килограмнан астам синтетикалық түрі тәркілеген. Аймаққа есірткі жеткізіп отырған 4 ірі арна әшкереленіп, тыйым салынған өсімдіктерді өсіруге арналған 11 фитолаборатория жойылды.

Сонымен қатар, есірткіні жарнамалаумен және насихаттаумен айналысқан шамамен 700 интернет-ресурс бұғатталды.

«Ішкі істер министрі жариялаған «Профилактика жылы» аясында жастар арасында ауқымды жұмыстар атқарылды.

«Полиция қызметкерлері азаматтармен ашық диалог алаңдарында тұрақты түрде кездесіп, есірткінің заңсыз айналымы үшін жауапкершілікке қатысты заңнамалық өзгерістерді түсіндіруде. Жастармен өткізілетін кездесулер барысында есірткінің таралуына байланысты нақты оқиғаларға негізделген деректі фильмдер көрсетіліп, қылмыстық әрекетке тартылудың алдын алу мақсатында ескерту жұмыстары жүргізіліп жатыр», – дейді полиция.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу