KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 2 м/с, СШ
504.49 587.73 6.57

Инклюзия – тең мүмкіндіктер мен адам әлеуетін дамытудың кілті

15.10.2025, 17:00 196 Базарова Айгүл

Алматы қаласында Инклюзивті білім беру тақырыбындағы «World Inclusion Congress – WIC 2025» атты Бірінші дүниежүзілік конгресс өтуде. Ауқымды шараға 40 елден келген 1200-ден астам делегат – министрлер, сарапшылар, халықаралық ұйымдар мен жетекші университеттердің зерттеу орталықтарының, сондай-ақ EdTech компаниялардың өкілдері қатысуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысынан конгресске білім басқармасының басшысы Қуат Окасов, сондай-ақ облыстық әдістемелік орталық, университет, жалпы және арнайы білім беру ұйымдарының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен ата-аналар қатысуда.

Іс-шара еліміздің барлық өңірлерінен келген 3500-ден астам маманды біріктіріп, инклюзивті білім берудің өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік беруде. Конгресстің бірінші күнінде бұл бағыттағы жаһандық үрдістер, жасанды интеллект пен жаңа технологияларды енгізу тәжірибелері қарастырылып, «Инклюзивті білім берудегі сын-қатерлер мен шешімдер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оның аясында қабылданатын Алматы декларациясының жобасы талқыланды.

Инклюзивті білім – қоғамның дамуы мен адам капиталын қалыптастырудың маңызды тетігі. Бұл бағыт әр баланың әлеуетін ашуға, тең мүмкіндік жасауға, қоғамның гуманистік құндылықтарын нығайтуға бағытталған. Шығыс Қазақстан өңірінің өкілдерінің WIC 2025 конгресіне белсенді қатысуы – аймақта инклюзия қағидаттарын тереңінен енгізуге және білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға жасалып жатқан нақты қадамдардың көрінісі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу