KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
512.81 604.19 6.57

Халық Қаһарманы саябағындағы салтанат

25.10.2025, 14:00 230 Базарова Айгүл

25 қазан күні облыс орталығының көрікті жерлерінің барлығында дерлік Республика күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылып, өскемендіктер мен қала қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық музей қорығының ұйымдастыруымен Қ.Қайсенов атындағы этно-саябақта «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.

Еліміздің Әнұранымен басталған шараға жиналған жұртшылықты ұлттық мерекемен құттықтаған музей директоры Нұрболат Ахметжанов Қазақстанды мекендеп жатқан жүздеген ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулық, түсіністік, бірлік пен береке бүгінде беделіне айналғанын атап өтті. 

– Республика күні құтты болсын, ардақты ағайын! 1990 жылы дәл осы күні еліміз егемендік декларациясына қол қойып, төбеміз көкке жеткен болатын. Біз ол күнді ұмытпаймыз, керісінше қолымыздан келгенше ұлықтап өтуге міндеттіміз. Сондықтан 25 қазан – барша қазақстандықтар үшін қасиетті де, қастерлі күн, - деді қоғам қайраткері Алдияр Аубакиров.

Шара барысында "Белес" фольклорлық ансамблі мен Достық үйі солистері, сонымен қатар арнайы шақырылған қонақтар да өз өнерлерін көрсетіп, құттықтау сөздерін арнады. 

Сондай-ақ, шараға арнайы шақырылған қонақтарға кәдесыйлар таратылды. Ал Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы 27943 әскери бөлімнің мерзімді әскери қызметтегі сарбаздары қонақ ретінде қатысты.


Серік Құсанбаев

Александр Шушеньков 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу