KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 3 м/с, В
502.57 591.68 6.42

Өскемендік полицейлер өзенге секірген әйелді құтқарып қалды

26.10.2025, 09:00 234 Базарова Айгүл

«102» арнасына Славский атындағы жағалауда бейтаныс әйелдің Ертіс өзеніне секіргені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу Өскемен қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының экипажы жетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Полиция лейтенанты Мадияр Серікболов еш ойланбастан суға түсіп, бірден әйелді құтқаруға кіріседі. Әріптесі Мәлік Темірбеков пен көмекке келген өзге де полицейлер құтқару шеңбері мен арқанды пайдаланып, әйел мен оны құтқарған полицейді судан шығарып алды.

Жарақат алған әйелге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметкерлері шақырылып, дәрігерлердің бақылауына тапсырылды.

– Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Полиция департаменті тұрғындарға қауіпті жағдайдың куәгері болсаңыз немесе біреуге көмек қажет екенін байқасаңыз, дереу «102» нөміріне қоңырау шалуға шақырады, - делінген ШҚО ПД хабарламасында. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу