Семейде тәртіп сақшылары орманда жоғалған зейнеткерді үйіне жеткізді
stock.adobe.com
Семейде тәртіп сақшылары орманда адасып кеткен 61 жастағы әйелді тауып, үйіне жеткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Зейнеткер Бейбітшілік аралындағы орманға саңырауқұлақ теруге шығып, жолдан жаңылған. Ол жағдайды түсіндіріп, “102” нөміріне қоңырау шалған.
Оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полиция қызметкерлері бірнеше топқа бөлініп, орманды тінтті. Іздеу барысында полицейлер әйелді байқап қалып, қауіпсіз жерге алып шықты.
Зейнеткердің денсаулығына ешқандай қауіп төнбеген, медициналық көмекке жүгінудің қажеті болмады.
Оқи отырыңыз