Өскемендегі қолайсыз метеожағдай: Жедел шаралар алгоритмі әзірленеді
ШҚО-да ауа сапасы нашарлаған кезде жедел шаралар қабылдау үшін тиісті алгоритм әзірленбек. Бүгін облыс әкімдігінде Өскемендегі экология мәселесі бойынша жиналыс өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Баяндама жасаған ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Арман Есентаевтың айтуынша, экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында мониторинг жүйесі алынбақ. Мемлекеттік сатып алу порталында құны 498,5 млн теңге болатын жүйені сатып алу туралы хабарландыру жарияланған. Келісімшарт қол қою кезеңінде тұр.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2026-2028 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау мақсатындағы іс-шаралар жоспары әзірленген. Жоспарда барлығы 27 шара қарастырылған.
Сондай-ақ жиын барысында қала әкімінің орынбасары Ирина Смит, «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросының жетекшісі Елена Березинская-Абилова атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баян етті.






