KZ
Өскемен
-19°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
507.05 594.82 6.51

Қауіпсіз балалық шақ: ведомствоаралық ынтымақтастық күшейтілді

6.11.2025, 12:00 136 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Altainews.kz.

Комиссияның отырысына Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі, бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, сондай-ақ қалалар мен аудандардағы комиссия төрағалары қатысты.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау, оларға дер кезінде атаулы әлеуметтік, медициналық және білім беру көмегін көрсету тетіктерін жетілдіру болды. Қоғамның әл-ауқатын арттыру, әрбір баланың қауіпсіз әрі толыққанды өмір сүруіне жағдай жасау – отырыстың негізгі өзегі болды.

Сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алуға тең мүмкіндігін қамтамасыз ету, инклюзивті білім беруді дамыту бағытында нақты шаралар қабылдау қажеттігі ерекше аталып өтті. Бұл ретте білім беру ұйымдарын арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету мен педагог кадрларды даярлау мәселелеріне баса мән берілді.

«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде кәмелетке толмағандар арасында құқықтық мәдениетті, заңға құрметпен қарау мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында тәрбиелік, ақпараттық-түсіндіру және мәдени іс-шараларды күшейту қажеттігі айтылды.

Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті мекемелерге ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту, профилактикалық жұмыстарды жетілдіру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесін жаңа деңгейге көтеру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу