Күршім ауданында қатты желге байланысты бірнеше мектеп онлайн форматқа көшті
Күршім ауданында жылдамдығы 35 м/с дейін жететін қатты жел туралы ескертуге орай, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірнеше білім беру ұйымы уақытша қашықтықтан оқыту форматына ауысты, деп хабарлайды Altainews.kz.
ШҚО ТЖД мәліметі бойынша аудандық білім бөліміне қарасты онлайн оқытуға көшкен мектептер:
- Қаратоғай орта мектебі
- Ақши бастауыш мектебі – бөбекжай балабақшасы
- Қойтас орта мектебі
- Алғабас орта мектебі
- Қыстау-Күршім орта мектебі
- Ақсуат жалпы білім беретін мектебі
- Жолнұсқау жалпы білім беретін мектебі
- Мөнекей жалпы білім беретін мектебі
Синоптиктердің ақпараты бойынша, ауданда жел екпіні күшейіп, ауа райының қолайсыздығы көлік қатынасына және тұрғындардың күнделікті өміріне әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты төтенше жағдай қызметі тұрғындарға барынша сақ болып, мүмкіндігінше далаға аса қажеттіліксіз шықпауға кеңес береді.
Ауданның білім беру ұйымдарында сабақтар онлайн платформалар арқылы штаттық режимде жалғасады.