KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

Полиция құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде дрондарды қолдануда

17.11.2025, 15:30 164 Ержан Әбіш

Полиция қызметін цифрландыру бағытындағы жұмыстар жалғастырып жатыр. Соның ішінде пилотсыз ұшу аппараттарын қолдану бүгінде барлық өңірде құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді құралына айналды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заманауи камералармен жабдықталған дрондар жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын нақты уақытта анықтап, күрделі учаскелерді бақылауға мүмкіндік береді. 20 шақырымға дейін ұша алатын аппараттар магистральдар мен қолжетімділігі қиын аумақтарды толық қамтып, полицияға жедел ақпарат жіберіп отырады. Осындай бақылаудың арқасында алты мыңнан астам құқықбұзушылық тіркелген.
Әуеден жүргізілетін тұрақты патрульдеу жол-көлік оқиғаларының алдын алып, қауіп туғызатын жағдайларға дер кезінде әрекет етуге жағдай жасайды.
Концерттер, спорттық матчтар мен мерекелік жиындар кезінде дрондар қоғамдық тәртіпті сақтаудың негізгі тетігіне айналды. Камералар адамдар көп жиналған аумақтарды бақылап, күмән тудыратын әрекеттерді анықтауға және полиция жасағын жедел бағыттауға мүмкіндік береді.
Дрондар оқиға орнын қарау, қылмыс іздерін бекіту, жоғалған адамдарды іздеу және жалпы криминогендік жағдайды бақылау барысында да кеңінен пайдаланылады. Аэрофототүсірілім мен бейнетіркеу тергеу сапасын арттырып, процесті жеделдетеді.
ІІМ пилотсыз ұшу аппараттарын күнделікті полиция жұмысына енгізу арқылы қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін күшейту және қылмыстарды ашу тиімділігін арттырып келеді. Дрондар бүгінде тек технологиялық жаңалық емес, құқық қорғау саласындағы сенімді құралға айналды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу