ШҚО-да 155 мыңнан астам адам коронавирусқа шалдықты
Шығыс Қазақстан коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша "жасыл" аймақта орналасқанына қарамастан, күн сайын COVID-19 ауруын жұқтырған 60-тан астам жағдайы анықталуда.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, Шығыс Қазақстан аумағында кронавирустық инфекцияның 28 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Жағдайлардың 70 пайызында клиникалық белгілер пайда болады.
Өткен тәулікте 70 жағдай тіркелді. Оның ішінде олардың басым бөлігі симптомдық вирус тасымалдаумен. Сонымен қатар, ковидті пневмонияның 16 жағдайы анықталды. Оның 10-ы – Өскеменде.
Төсек қорының жұмыспен қамтылу көрсеткіші 8,5 пайызды құрайды. Бір тәулік ішінде 65 пациент стационарлардан шығарылды.
Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға, медицина, СЭБК және полиция қызметкерлеріне эпидемиологиялық тергеу жүргізу кезінде көмек көрсетуге, байланыста болған және науқас адамдарды жасырмауға шақырады.
Сонымен қатар, аймақта вакцинацияның маңыздылығы туралы айтылды. Өйткені, вакцина адамды COVID‑19 инфекциясынан қорғайды. Егер сіз вакцина алғаннан кейін кенеттен ауырып қалсаңыз да, аурудың ағымы айтарлықтай жеңіл болады.
Коронавирусқа қарсы вакцинация алғандардың ішінде әйгілі спортшы Ольга Рыпакова бар.
- Вакцина – бұл ковидтен кейін жиі кездесетін ауыр асқынулардан қорғаудың сенімді әдісі. Мен өзімді және жақындарымды қорғағым келетіндіктен вакцина салдырамын. Бұрынғы үйреншікті өмірімізге қайта оралғымыз келсе, басқа елдерге емін еркін саяхатқа шығу және әрбір күнімізді жақындарымызбен бірге еш қорқынышсыз өткізу үшін вакцина алуымыз керек, - деді жеңіл атлетші Ольга Рыпакова.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда вакцинаның бірінші компонентін 155,5 мың адам алса, екінші компонентін 73,6 мың адам алған.
Сонымен қатар, кәсіпорындар вакцинациядан өткен қызметкерлерді ынталандыру үшін әртүрлі бонустарды қолданады. Алтай ауданының білім беру бөлімінің кәсіподағы Алакөл көлінің жағалауына педагогтарға 20-дан астам жолдама бөлді. Алтай ауданындағы "Қазмырыш" ЖШС кәсіпорнының қызметкерлері үшін кез келген ауру және еңбекке жарамсыздық жағдайында жалақы толық төленеді. Сондай-ақ, 50 пайыздық жеңілдікпен туристік базаларға жолдамалар ұсынылады. Мәдениет орталығының жаттығу залында білім алғандар үшін тегін сабақтар өткізіледі. Семейде, №6 емханада вакциналанғандар үшін лотерея билеттерінің ұтыс ойыны басталды. Жеңімпаздарға тұрмыстық техника сияқты бағалы сыйлықтар беріледі. COVID-19 вакцинациясының толық курсынан өткен KAZ Minerals қызметкерлері 30 мың теңге сомасына тұрмыстық техника дүкенінің сертификаттарын алады.