KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 2 м/с, З
489.36 533.45 4.99

Өскеменде сапалы өмір сүріп, уақытты тиімді өткізу үшін тағы не қажет? Тұрғындар жауап берді

1.06.2021, 16:35 157

Өскемен қаласының жыл санап, күн санап келбеті келісіп, өндірісі өрлеп, тірлігі төрлеп келе жатыр. Десе де тұрғындардың сапалы өмір сүруі үшін әлі талай тер төгу қажет екені де жасырын емес. Сонымен қаламызда халықтың тиімді, жарқын өмір сүруі үшін тағы не қажет? Тұрғындардан сұрап білдік.

Айгул Токпаева, қала тұрғыны:

-Менің ойымша, Өскеменде қоқысты сұрыптау нышандар санын көбейту керек. Өскелең ұрпақ бойында қоршаған ортаға қамқорлық пен махаббатты оятуымыз тиіс. Сонымен қоса тегін сауықтандыру орталықтары, саябақ, ойын сауық кешендері артса деймін.

WhatsApp Image 2021-05-28 at 19.03.26.jpeg

Ерназ, қала тұрғыны:

- Өскемен қаласы тұрғындана толық дерлік жағдай жасалған деп ойлаймын. Тек жолдар сапасын арттырса деп ойлаймын.

WhatsApp Image 2021-05-31 at 16.48.14.jpeg

Зейнеп Талғатқызы, қала тұрғыны

- Демалыс және сауда орталықтарының саны артып, балалар мен жасөспірімдер үшін танымдық мұражайлар ашылса деген тілегім бар.

WhatsApp Image 2021-05-31 at 16.52.42.jpeg

Сандуғаш Бакаева, қала тұрғыны:

- Менің ойымша өндіріс орталықтары ауаға бөлетін қалдықтарын залалсыздандыру жұмыстары атқарылуы керек. Біз өмір сүріп отырған ортаның, біз тыныстап отырған ауамыздың таза болғаны мен және менің балаларым үшін өте маңызды.

Сандуғаш және Әлия
Ахметова Әлия, қала тұрғыны:

-Көгалдандыру жұмыстарын көбейту керек. Қоғамдық дәретханалар көбірек болса, саябақтар мен қоғамдық орындарда фонтан салынса Өскеменде серуендеу ыңғайлы әрі қаламызды әсем етер еді деп ойлаймын. 

Олег Кренциглов, қала тұрғыны:

- Өскемен қаласы жастарының бойында патриоттық рухты оятып, отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған орталықтар мен шаралар өткізілетін болса тамаша болар еді. 


Карина Қасымқызы,
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, 

журналистика мамандығының 1-курс студенті

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив