Долон ауылында толық күндік шағын орталық ашылды - Бесқарағай

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Бесқарағай ауданында Долон орта мектебінің базасында толық күндік шағын орталық ашылды.
- Аталған шағын орталықта 1-5 жас аралығындағы 15 бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етіледі, - деді ШҚО білім басқармасының Бесқарағай аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самат Омарғазин
Сонымен қатар, өткен жылы ауданда Қара-Мырза, Мостик ауылдарында толық күндік шағын орталықтар ашылды, Глуховка ауылындағы Алтынай және Беген ауылындағы Балапан балабақшаларында қосымша топтар ашылды.