"Әлем аруы – 2021" байқауында Қазақстан атынан кім қатысады
«Қызылорда аруы – 2019» – 18 жастағы Камилла Серікбай «Әлем аруы-2021» байқауында Қазақстанның намысын қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауы Нұр-Сұлтандағы өтетін дәстүрлі шоуды 2021 жылға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Коронавирус індетінің осындай қиын кезеңінде жарысты ұйымдастырушылар мен қатысушылардың барлық назары қайырымдылық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бағытталды.
«Байқауға қатысушылар Қазақстанның барлық аумағында осы қиын кезеңде қайырымдылық жұмысына белсене қатысты: олар пандемиямен күресте дәрігерлерге, аз қамтылған отбасыларға көмектесті. Әсіресе, осы күрделі кезеңде «Қызылорда аруы – 2019» – 18 жастағы Камилла Серікбай басқаларға көмектескісі келетіндігімен ерекшеленді. Сондықтан «Қазақстан аруы» байқауының дирекциясы оны «Әлем аруы – 2021» байқауына жіберуге шешім қабылдады. Оның Халықаралық Әлем аруы байқауында біздің елімізді лайықты түрде таныстыратындығына сенімдіміз», - деп жазды «Қазақстан аруы «ұлттық конкурсының ұйымдастырушылары Instagram-дағы парақшасында.
Камилла Серікбай 2019 жылы «Қызылорда аруы» атағын жеңіп алды. Сулейман Демирел атындағы университетте «Қолданбалы құқық» мамандығы бойынша оқыды. Каратэмен бала кезінен айналысады, спорт шебері. Ол БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі болуды армандайды.