"Сайлаудан кейін өмір бар" – ADAL партиясы
Үгіт-насихат кампаниясы басталысымен ADAL партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар халықпен кездесу үшін еліміздің қалалары мен ауылдарын аралады, деп хабарлайды ADAL партиясының ресми баспасөз қызметі.
Тұрғындарды көптеген сұрақтар мазалайды. Ал, олардың ең маңыздысы «Сайлаудан кейін қандай ахуал күтіп тұр?» деген сауал.
Бұл сұраққа Мәжіліс депутаттығына кандидат, ADAL партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Эльдар Жұмағазиев жауап беруге тырысты. Ол өңірлердегі мәселелер туралы ақпарат жинауды сайлау кезеңіне дейін бастағанын жеткізді.
«Бұл бос сөз емес, ел ішіндегі қиындық пен проблеманың бүкіл базасы біздің сайтта ашық және бәрінің назарында ұсынылған. Біз 6000 елдімекеннің тұрғындарынан сауалнама жүргіздік, бұл – үлкен жұмыс екені анық», – деді ол
Үміткер өңірлік кездесулер барысында айтылған барлық ұсыныстар мен тілектер де осы базаға қосылатынын атап өтті.
«Нәтижесінде бізде қазірдің өзінде әр аудан мен елдімекен бойынша үлкен мәселелер базасы пайда болды. Тағы бір артықшылығымыз – осы сұрақтардың өзектілігі бойынша реттелуі дер едім. Adalpartiyasy.kz. сайтынан скриншот. Мысал ретінде Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы тұрғындарының сауалнамаларының статистикасы келтірілген»
Жұмағазиев қазіргі уақытта партияның бұл мәселелерді мемлекеттік деңгейде шешуге өкілеттігі жоқ екенін еске салып, алайда бұл тұрғындардың проблемалары ұмыт қалады дегенді білдірмейтінін атап өтті.
Тұрғындар тарапынан партия өкілдеріне «Саяси науқаннан кейін не болады? Ия, сіздер біздің проблемаларымызды білесіздер. Ал, оларды қалай шешуге болатындығын білесіздер ме? Егер, партия 7%-дық межеден өтпей қалса не болады?» деген сұрақ та жиі қойылады. «Бізде бұл сұраққа жауап бар», – деді партияның Саяси кеңесінің мүшесі
Партия өкілі аймақтардың барлық дерлік мәселелері бюджеттік қаражаттарды тиімсіз жұмсау салдарынан туындайтынын айтып, ADAL партиясы өңірлерде бар мәселелер негізінде бюджетті бөлу арқылы проблемаларды шешуді ұсынады.
«Әрине, біздің мәслихаттағы депутаттарымыз бұл мәселелердің шешілуін тездете түсер еді. Бірақ, біз мәслихат мандатын иеленбесек те, бұл мәселелерді саяси партия ретінде шешіп, әкімдіктің назарын аударамыз, халық жиналыстарын өткіземіз, бірлескен жұмыс топтарын ұйымдастырамыз. Бұл бағыттағы шаруаларымызды тоқтатпаймыз», – деді Э.Жұмағазиев
Эльдар Жұмағазиев партияның әкімдіктер мен министрліктерді барлық мәліметтер базасымен қамтамасыз етуге дайын екендігін де мәлімдеді. Ал егер, 7% -дық межеден өтпесе, жобалық кеңселер шеңберіндегі ынтымақтастықты жалғастыра беретіндігін түсіндірді.
«Осындай қиындықпен алынған деректерді пайдаланбау біз үшін ақылсыздық болар еді. ADAL өз уәделеріне берік болатындығына сеніңіздер. Сайлаудан кейін де ел мүддесі жолындағы іс-әрекеттеріміз жалғасады, біз мұны уақытында дәлелдейміз. Сайлау алдындағы уәделер ұмытылмайды», – деп түйіндеді ол.