KZ
Өскемен
-8°
туман Штиль
498.55 524.28 4.75

Президентке жаңа өкілеттіктер беріледі: Тоқаев заңға қол қойды

13.12.2020, 12:40 208

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентіне жаңа өкілеттіктер беретін заңға қол қойды, - деп хабарлайды Ақорда сайты.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген хабарламада. 

Бұған дейін Сенат заң жобасының мақсаты әкімшілік-аумақтық құрылым саласындағы заңнаманы жетілдіру екенін хабарлаған.

Заң жобасы бойынша ұсынылады:

- қаладағы аудандарды елді мекендердің құрамдас бөліктеріне жатқызу;

- халық саны 400 мыңнан аса адам болған кезде облыстық маңызы бар қалада, республикалық маңызы бар қалада, астанада аудан құру;

- аудандық маңызы бар қаланың, кенттің және ауылдың өлшемшарттарын нақтылау;

- Президентке Үкіметтің ұсынуы бойынша жергілікті өкілдің және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендерге қайта құру жөнінде шешім қабылдау жөнінде өкілеттік беру;

- Үкіметке республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендерге қайта құру туралы ұсыныс енгізу жөнінде жаңа құзырет беру.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу