2025 жылы мыңға жуық запастағы офицер әскери қызметке шақырылады
Фото: pexels.com
Қазақстан Үкіметі 2024 жылғы 20 қарашадағы «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулы қабылдады,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі informburo.kz порталына сілтеме жасап.
- Заңда белгіленген тәртіппен 2025 жылы әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер 24 ай мерзімге әскери қызметке офицерлік лауазымдарға шақырылсын, – делінген құжатта.
Қаулы 2024 жылғы 3 желтоқсанда күшіне енеді.
Оқи отырыңыз