KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Бұқтырма өзенінде мұз жиналуынан су деңгейі көтерілуі - жылдағы табиғи құбылыс

Фото: ШҚО ТЖД

25.11.2024, 19:00 208 Төлеуғазы Жансая

Бүгін, 25 қараша күні, сағат 16:50-де Алтай ауданына қарасты Лесная Пристань ауылында мұз жиналуына байланысты Бұқтырма өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі тіркелді, деп хабарлайды Altainews.kz.

«Сағат 8:00-де су деңгейі – 310 см, 12:00-де – 350 см, 16:00-де – 430 см болды. Су деңгейінің шекті мөлшері – 530 см. Бұл мұз қабығының қалыптасу кезеңінде жыл сайын болатын маусымдық құбылыс. Жағдайды бақылау үшін төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнына шықты. 15 шақырым қашықтықта өрт сөндіру бөлімі орналасқан, күштер мен құралдар дайын», – деп хабарлады ШҚО бойынша «Қазгидромет» филиалы.

Сондай-ақ, жағдайдың мамандар тарапынан бақылауда екені атап өтілді. Қызметтер су деңгейі айтарлықтай көтерілген жағдайда әрекет етуге толық дайын. Алайда екі метрлік бөгет су басу қаупіне тойтарыс бере алатын берік ірге деп бағаланып отыр. Мамандар су деңгейін үнемі бақылауда ұстап отыр. Бұл – осы учаскелерде су тасқынының алдын алу мақсатында жүргізілген профилактикалық шаралар. Таулы жерлерде аяз түсіп үлгеруіне байланысты қосымша су тасқынының келу ықтималдығы жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу