Қазақстандағы «ең бай зейнеткердің» қанша алатыны туралы БЖЗҚ мәлімдеді
Фото: pexels.com
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы төлемінің мөлшерін атады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Қор мәліметінше, елдегі «ең бай зейнеткер» ай сайын 945 752 теңге алады. 2024 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша, Қазақстанда 16,9 миллион зейнетақы шоты бар.
- Зейнетақы жинақтары зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс түріндегі түсімдер есебінен өсуде. 2024 жылдың 10 айында салымшылардың шоттарына түскен зейнетақы жарналары 2,2 триллион теңгеден асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 29,7 пайызға немесе 514,6 миллиард теңгеге артық, – делінген қордың хабарламасында.
Оқи отырыңыз