KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

ШҚО-да жасөспірім мектепке жарылғыш зат орнаттым деп әзілдеген

pexels.com

Бүгін, 19:30 22 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысының бір ауданындағы мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ақпараттың шынайылығын тексеру үшін полиция қызметкерлері мен кинологтар жұмылдырылып, мектептің ғимараты тексерілді. Алайда, бұл хабарлама жалған болып шықты,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ПД сілтеме жасап.

Жедел іздестіру нәтижесінде, күдікті – аталған мектептің 13 жастағы оқушысы екені анықталды. Жасөспірім әзіл ретінде жалған хабарлама таратқанын мойындады.

Оқушымен және оның заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция террористік актілер туралы жалған хабарлама таратқаны үшін 14,5 миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескертеді. 14 жасқа толған балалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, ал 14 жасқа толмаған жағдайда олардың ата-аналары тәрбиелеудегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.


Дереккөз: ШҚО ПД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу