KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, В
498.51 522.84 4.81

Жер Кодексіне өзгерістер: Жаңаауылда тұрғындармен талқылау өтті

Фото: аудан әкімдігінен
Фото: аудан әкімдігінен
Бүгін, 18:30 26 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапанов Тарбағатай ауданының Жаңаауыл ауылында тұрғындармен кездесіп, шекаралық аймақта орналасқан жер учаскелері бойынша жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижелерін баяндады,- деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі. 

Кездесу барысында қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігіне Жер Кодексіне өзгерістер енгізу туралы тапсырма берілгенін және ұсыныстар жинақталып жатқандығын мәлімдеді.

Тұрғындар өз тараптарынан жер мәселесіне қатысты бірқатар маңызды мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдарын талқылады. Осыған байланысты Тарбағатай ауданының әкіміне әрбір ауылдық округ тұрғындарымен кездесулер өткізіп, ауылшаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру конкурсының ережелері мен шарттарын түсіндіру тапсырылды.

Дархан Сапанов тұрғындарға белсенді қатысқандары үшін алғысын айтып, барлық ұсыныстарды ескеретіндігін атап өтті. Жер Кодексіне енгізілетін өзгерістерде тұрғындардың мүдделерінің ескерілуі қажеттігін айтып, шекаралық аймақтағы жерлерге қатысты мәселелер бойынша жұмыстардың жалғасатынын және қосымша түсіндіру шараларының жүргізілетінін хабарлады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу