KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Шошқа фермасының салынуына тұрғындар қарсы емес – Ұлан ауданының әкімі

27.09.2022, 15:00 253

Ұлан ауданына қарасты Борсақ ауылында шошқа фермасын салуға тұрғындар қарсылық білдіріп отырған жоқ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев айтты.

-        Шошқа фермасының салынуына Борсақ ауылының тұрғындары қарсылық білдіріп отырған жоқ. Тек, Ұлан ауданында қарсылық танытқандар болды. Қоғамдық тыңдау өтіп, тұрғындар жиналып, наразылықтарын айтқан болатын. Мен олармен кездесіп, сөйлестім. Олардың көбі Ұлан ауданында тұрмайды. Яғни, жан-жақтан келген кісілер, - дейді аудан әкімі.

Аудан басшысының айтуынша, ферма құрылысын бастау үшін Экология және Санитарлық-эпидемилогиялық бақылау департаментінің рұқсаты керек көрінеді. Сондықтан жоба жүзеге аса ма, әзірге белгісіз.

-       Қазір осы жобаның инвесторлары барлық құжаттарын, жобалық-сметалық құжаттамасын жасап отыр. Борсақ ауылында 90-шы жылдары 120 үй болған, қазір 12 үй, 29 адам тұрады. Бұл жобаға экономикалық жағынан да қарау керек деп ойлаймын. Біздің ауданның қазір кіріс бөлігі 2,5 млдр.теңгені құрайды. Орташа есеппен осы жоба іске асса аудандық бюджетке салық ретінде 2 есе кіріс түседі. Бұны тұрғындарға әлі де түсіндіруге тырысып жатырмыз. Егер ауданның бюджеті 7-8 млрд болса, аудандағы барлық проблемаларды шешуге мүмкіндік көп болушы еді,- деді Ренат Құрмамбаев. 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу