KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями Штиль
498.34 519.72 4.85

Қаңтар оқиғасы: қаза болғандардың отбасына 7 миллион теңге беріледі

28.02.2022, 16:26 391

"Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесі отырысында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде жараланғандар мен қаза тапқандардың отбасына материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылданды, - деп хабалайды қордың баспасөз қызметі.

Қор қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккендерге қолдау білдірді.

"Қаза болған әрбір әскери қызметшінің, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің, оқиғаның кездейсоқ құрбаны болған азаматтардың отбасына 7 миллион теңгеден материалдық көмек көрсетіледі. Бұл ретте ауыр жараланған әскери қызметшілерге, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ жараланған балалардың отбасына 3 миллион теңгеден бағытталады", - делінген хабарламада.

Қорға Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Республикалық гвардиядан 21 адам қаза тауып, 43 адам ауыр жарақат алғаны туралы ақпарат түскені хабарланды.

Сонымен қатар, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саиннан қаза тапқан 3 бала мен жарақат алған 4 бала, сондай-ақ қаза болған бір көп балалы ана туралы ақпарат келіп түскен.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова қаңтар оқиғасының кездейсоқ құрбаны болған 29 азамат туралы ақпарат жіберген. Бұл тізімнің үшеуі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тізімінде, екеуі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тізімінде қайталанады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу