KZ
Өскемен
+1°
туман Штиль
479.71 533.77 5.16

Серебрянскіде бейорганикалық өндіріс зауыты іске қосылады

31.03.2023, 09:30 425 Оразай Жеңісұлы

Серебрянск қаласында бейорганикалық өндіріс зауыты іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылады.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Жаңа Бұқтырма кентінде болған есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Кездесуде тұрғындар маңызды сұрақтар қойды, тараптар пікір алмасты.

– Ең алдымен, Серебрянск органикалық емес өндіріс зауыты іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Қазір заңды рәсімдер аяқталу сатысында, бірінші кезеңде 50, содан кейін 100 және одан да көп жұмыс орындарын құруға мүмкіндік туады. Қала тұрғындары бұл оқиғаны біраз уақыт күтті. Мәселе оң шешімін таппақ, – деді облыс әкімі.

Ал Жаңа Бұқтырмада жағалауды және кенттің өзін абаттандыру бойынша ауқымды жоба іске асырылады. Жұмысқа жергілікті тұрғындарды да тартылады.

– Абаттандыру жұмыстары жүргізілетін аумақта орналасқан учаскелердің иелеріне біз екі нұсқа ұсынамыз: бағалауға тәуелсіз комиссия тартып, нарықтық бағамен айырбастау немесе сатып алу, – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ кентте мемлекеттік тілде оқытатын 300 орындық мектеп құрылысы басталғанын айта кетейік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив