KZ
Өскемен
+2°
небольшой дождь жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

ШҚО-да IT-технологиялар саласындағы педагогтер тәжірибе алмасты

Фото: ШҚО білім басқармасы

31.01.2024, 21:00 83

«Өrken»  Шығыс Қазақстан өңірлік ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығында IT-технологиялар саласындағы педагогтерге арналған семинар-практикум өтті, деп хабарлайды  Altaynews.kz тілшісі.

ШҚО білім басқармасының ақпараты бойынша, семинарға Риддер қаласы мен Алтай, Катонқарағай аудандары білім бөлімдерінің әдіскерлері және физика, информатика, робототехника мұғалімдері қатысты.

Семинар аясында ұстаздар робототехника мен информатиканы оқытуда тәжірибе алмасу, оқушыларды IT-саладағы ғылыми жобаларға дайындау бойынша бірнеше мастер-кластардан өтті.

Сондай-ақ, педагогтар оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне сәйкес оқытуға мүмкіндік беретін оқу процесін ұйымдастырумен танысты.

 Іс-шара нәтижесінде мұғалімдер білім-біліктерін арттырып, өз тәжірибелерінде одан әрі пайдалану үшін қажетті әдістемелік ұсыныстар алды.

 

                                                                 Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив