KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 5 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

Сұлтан Бейбарыстың өміріне арналған диалогтік алаң өтті – ШҚО

Фото: gov.kz

20.10.2023, 11:20 430

ШҚО Білім басқармасының «Örken» өңірлік орталығында 19 қазанда облыстағы жалпы білім беретін мектептердің «Тарих» пәні мұғалімдерінің арасында «Ұлы даланың ұлы перзенті» тақырыбында диалогтік алаң өтті.

Шара Сұлтан Бейбарыстың ерлігі мен қайраткерлігі жайлы ғылыми сұхбат құрып, талқылауға бағаттылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­Қатысушылар білім алушылардың білімге деген ынтасын арттырып, патриотизмді бойына сіңіруге әсер ететін әдіс-тәсілдерін ортаға салып, тәжірибе алмасып, бір-біріне әдістемелік кеңес берді.

Семинарға Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың профессорлары, ШҚУ-дың оқытушылары мен аймақиағы мектептердің ұстаздары баяндама оқыды. 

Шараға аймақтағы аудандар мен қалалардың білім бөлімдерінің тарих пәні ассоциациясының жетекшілері, білім беру ұйымдарының тарих пәнінің мұғалімдері қатысты. 120 педагог жиынға онлайн және бейнебайланыс арқылы қосылды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив