KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
495.28 518.41 5.44

Бұқтырма су қоймасында 2014 жылы туған бала суға кетті

23.08.2021, 09:30 254

20 тамыз күні Алтайка кентіндегі Бұқтырма су қоймасында ересектердің қарауынсыз жүрген 2014 жылы туған бала жабдықталмаған орында суға шомылған кезінде суға батып кетті. Құтқарушылар баланың денесін 21 тамыз күні 2,5-3 метр тереңдікте тапты.

ШҚО ТЖД қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ескертеді: 

-         балаларды қараусыз қалдырмау;

-         тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда суға түспеу;

-      суға түсу шекараларын белгілейтін буйлардан асып суға түспеу;

- катерлерден, айлақтардан, қайықтардан, сонымен қатар осы мақсаттарға арналмаған құрылғылардан суға секірмеу;

-        тексерілмеген және жабдықталмаған орындарға суға сүңгірмеу;

-         техникалық және ескерту белгілерге, буйларға шықпау;

-         тәуліктің қараңғы кезінде суға кірмеу, суға түспеу;

-      алкогольдік және наркотикалық маскүнемдік жағдайда суға кірмеу.

ТЖ пайда болған жағдайда 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.

   

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу