KZ
Өскемен
-1°
небольшая облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

"Шар-Әуезов" тасжолы жөнделеді - Жарма

6.06.2021, 10:22 190

Жарма ауданындағы "Шар-Әуезов" ауылдарының арасындағы жол ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмей, тозығы жеткен еді.

Айналдырған 42 шақырымдық жолды халық 2 сағат бойы жүріп, діттеген жерлеріне әзер жететін.

- Жолдың ойқы-шойқылығынан көліктер тез бұзылып, жүруге жарамсыз болып қалады. Ұзақ жол жүруге тура келгендіктен медициналық көмекке мұқтаж болғандар талай рет алғашқы көмекке жете алмай, жол үстінде жан тапсырған, - дейді ауыл тұрғындары.

Жауыр болған жол мәселесін облыстық мәслихаттың депутаты Серік Байгалиев көтеріп, оның үндеуі облыс басшылығы тарапынан қолдау тапты. Бұл жаңалықты депутат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіншілей хабарлады.

- 3-34 шақырымдағы "Шар-Әуезов" автокөлік жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу 2022 жылдың жол жөндеу жұмыстарының жобасына қосылды. 2021 жылдың жолдарды жөндеу бойынша әзірленген жоспарына жалпы ұзындығы 137 шақырымды құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар жол учаскісі кірді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аймақаралық қатынасты жеделдету мақсатында ең бірінші аудандық деңгейдегі жолдарды жөндеу керек. "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы осы ауылдардағы жолдарды жөндеуге бағытталған, - делінген депутатқа облыс әкімдігі жолдаған хатта.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив