Өскеменде металлург мамандар жастармен кездесті
Өскеменде «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында Үлбі металлургиялық зауытының мамандары жастармен кездесті. Шара барысында студенттер зауыттағы еңбек жағдайлары, әлеуметтік қолдау, кәсіби даму мүмкіндіктері және жұмысқа орналасу шарттары туралы ақпарат алды, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Жастарға зауыт туралы толық мәлімет беріп, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін түсіндіру – басты мақсатымыз. Біздің кәсіпорын өндірістік тәжірибеден өткен түлектерге жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді, – деді ҮМЗ рекрутинг маманы Балнұр Дүсіпқанова.
Кездесу барысында зауыт жұмысына қатысты викторина өткізіліп, белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды.
- Менің мамандығым – түсті металлургия. Өндірістегі жұмыс ерекшеліктерімен танысқан ұнайды. Кездесуде өзіме қажетті жаңа мәліметтер алдым, – деді ШҚТУ жоғары ІТ колледжінің студенті Елдос Елеусізов.
Осындай кездесулер жастарды өндірістік мамандықтарға ынталандырып, олардың кәсіби бағдарын айқындауға көмектеседі.
Ақерке Рағызбаева
Фото: Махаббат Ахметжанова
Оқи отырыңыз