KZ
Өскемен
-24°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
497.89 520.89 5.47

ШҚО-дағы жол апаты: Жедел жәрдем қызметкерлері қаза тапты

4.02.2021, 10:00 134

3 ақпан күні сағат шамамен 19.25-те  "Өскемен-Семей" тасжолында жол апаты болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. 

- Schmitz  тіркемесі бар DAF маркалы жүк көлігінің 29 жастағы жүргізушісі «Өскемен-Семей» тасжолының бойымен келе жатып, 140/58 шақырымында қолайсыз ауа райына тап болады. Бұрқасын соғып, көктайғақ болғандықтан жүргізуші көлік рөліне ие бола алмай қарсы бағытқа шығып кеткен. Осы сәтті қарсы бетте келе жатқан ГАЗ-A31R23 маркалы жедел жәрдем автокөлігімен соқтығысып, үлкен жол апаты орын алды, - деп хабарлайды баспасөз қызметі

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде 1972 және 1979 жылы туған екі медицина қызметкері оқиға орнында көз жұмған. Ал 44 жастағы көлік жүргізушісі Семей қалалық ауруханасына жеткізілді.

- Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық Кодекстің 345-бабы, 4-бөлігі «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, - делінген хабарламада

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу