KZ
Өскемен
+8°
небольшой дождь жел 4 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

Ескерту. ШҚО-да жолдар жабылды

3.01.2021, 11:02 79

Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде жол жабылды,

«ҚазАвтоЖол» кәсіпорнының ақпаратына сенсек, Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы -32 -35 градусқа жеткен.

Осыған байланысты 2 қаңтар сағат 17:00 бастап дизельмен жүретін автомобильдер және қоғамдық көліктің қозғалысына шектеу қойылады. Олар барлық бағыттағы жолдарда жүре алмайды.

Сонымен қатар Өскемен қаласынан Рахманов бұлағына дейінгі 60 шақырым жолда да тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысы шектелген.

Одан бөлек, Қостанай облысында да аяз күшейіп тұр, синоптиктердің болжамынша ауа температурасы -42 градусқа жетеді.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив