KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 10 м/с, Ю
521.81 543.67 5.05

Серебрянскіде көпбалалы аналар баспаналы болды – ШҚО  

Бүгін, 09:00 148 Төлеуғазы Жансая

 

 

 

Жаңа жыл қарсаңында Серебрянскіде бес көпбалалы отбасы «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында салынған жаңа үйлердің кілтін алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Аудан әкімі Ренат Құрмамбаев Серебрянскідегі бес көпбалалы анаға «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша салынған жаңа үйлердің кілттерін табыстады. Аталған үйлерді мердігер ұйым – «Проект» құрылыс компаниясы салған. 

Көпбалалы аналар мен қоғам өкілдері үйлерді қарап, олардың сапасына риза болды. Аудан әкімі, мәслихат төрайымы Л. Гречушникова, ақсақалдар кеңесінің төрағасы К. Садықов және ақсақалдар кеңесінің мүшесі Г. Яковенко көпбалалы аналарды жаңа қоныстарымен құттықтап, баршасына денсаулық пен амандық тіледі. 

Өз кезегінде көпбалалы аналар Жаңа жыл қарсаңында осындай сыйлық жасағандарға алғыс айтты. 

– Осындай қымбат сыйлық үшін мемлекетімізге алғысымыз шексіз, – деді көпбалалы ана Анна Волкова.

– Бізге осылай құрмет көрсетіліп жатқанына қуаныштымын. Баршаңызға бейбіт аспан мен амандық тілеймін. Балаларымыздың дені сау болып өссін. Осы жетістіктерімізді сақтап, одан әрі дамытуға тырысайық. 
– Біздің отбасы, әсіресе балалар, Жаңа жылды жаңа үйде қарсы алатынына өте қуанышты. Біз бәріне разымыз. Президентімізге алғысымыз шексіз, – деді Марина Горбатовская. 

– Жаңа жыл қарсаңындағы осындай күтпеген сыйлық үшін рақмет! Баршаңызды Жаңа жылмен құттықтаймын, – деді көпбалалы ана Гүлжан Сабырбаева. 
– Серебрянскіде биыл «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша 5 үй салынды. Біз күн сайын депутаттармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен және мердігер ұйыммен бірлесе отырып, үйлердің құрылысын бақылап отырдық. Үйлердің сапасы жақсы, барлық жағдай жасалған. «Проект» құрылыс компаниясының басшысы Ертай Сәбитовке адал әрі жауапты жұмысы үшін алғыс білдіремін, – деп атап өтті Серебрянск қаласының әкімі Н. Бақынова. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу