ШҚО-да ерекше балалар мен ересектерге арналған сауықтыру лагері ашылмақ (видео)
Шығыс Қазақстан облысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен ересектерге арналған сауықтыру лагері ашу жоспарлануда. Лагерь Бұқтырма су қоймасының әсем жағалауында орналаспақ, бұл табиғи жағдайлардың денсаулықты нығайтуға ерекше мүмкіндіктер беруіне жол ашады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта жер учаскесін мемлекеттік меншікке беру бойынша қажетті рәсімдер жүргізіліп жатыр. Лагерь жыл бойы жұмыс істейтін болады деп күтілуде. Оның ашылуы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларын қолдауда маңызды қадам болмақ.
Аталған орталық ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған мектеп пен балабақша ретінде жұмыс істейді. Орталық аутизм спектрінің бұзылуы және күрделі даму ерекшеліктері бар балалармен жұмыс жасауға мамандандырылған.
Сонымен қатар орталық 7-12 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мұндай қызметтерді қазір 42 бала алып жатыр.
Жалпы, қазіргі кезде «Страна чудесте» 127 бала білім алуда, оның 89-ы мүмкіндігі шектеулі бала мәртебесіне ие. Тәрбиеленушілердің басым бөлігіне қойылған негізгі диагноз – аутизм.
Ержан Әбіш
Фото: Махаббат Ахметжанова