KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
475.39 513.37 5.4

Тұңғыш рет ұшқышсыз әуе таксиі аспанға көтерілді (видео)

24.01.2019, 06:03 219


Америкалық Boeing компаниясы ұшқышсыз әуе таксиін сынақтан өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бейнежазба компанияның Twitter-парақшасында жарияланды. Сынақ барысында аппарат жерден еш кедергісіз көтеріліп, сәтті қонған.


Әуетакси электр қуатымен жұмыс істейді және оның автономиялық ұшу қашықтығы 80 шақырымға дейін жетеді. Ұзындығы 9 метр, ал ені - 8,5 метр. Техникалық аппараттың басқа сиппатамалары туралы мәлімет жоқ әзірге.


Компания әлі де сынақты жалғыстырып, таксидің ұшу қауіпсіздігі мен тікелей ұшу режимін жетілдіруді көздеп отыр. Бейнежазба мына сілтемеде:


https://twitter.com/Boeing/status/1088032429204369410

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив