KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1 м/с, В
479.71 533.77 5.16

Құрбан айт әр елде қалай аталып өтеді?

Фото: Nur.kz

28.06.2023, 10:00 1 119

Құрбан айт немесе Ид Әл-Адха - мұсылман халқы үшін жылына бір рет келетін ерекше аталып өтетін діни мереке. Бұл мейрам Ораза айт мейрамынан кейін 70 күннен соң келеді.

Күнтізбе бойынша жыл сайын Құрбан айт мерекесінің күні үнемі өзгеріп отырады. Биыл 28 маусымға тұспа-тұс келген діни мерекені басқа мұсылман елдер қалай өткізеді?

Түркия

Құрбан айт мерекесі бұл елде үш күн тойланады және олар тек осындай діни мерекелерде ғана демалады. Жеміс-жидектерді кептіріп, жаз айында бәрін дайындайды. Бір апта бұрын құрбандыққа арналған ірі қара малдар сатыла бастайды және мереке басталғаннан кейін малдар құрбандыққа шалынады. Оның бір бөлігі кедейлерге және жағдайы төмен отбасыларға таратылып беріледі. Сондай-ақ, ерекшелігі - түріктер бұл күні достарының, туыстарының үйіне қонаққа барады.

Марокко 

Марокко Корольдігі - Магрибтің ең ежелгі мемлекеттерінің бірі, ол араб әлемінің батыс бөлігін алып жатыр. Бұл елде де басқа елдердегідей құрбан шалу таң сәріден басталады. Барлық мұсылмандар сәнді киініп, айт намазына барады. Рабат тұрғындарының көпшілігі Хасан (XII ғасырда салынған) және Үлкен мешітке (XIV ғасырда салынған) жиналады. Сондай-ақ имамның діни уағыздарын тыңдайды. Мерекелік намазбен бірге қайырымдылық жасалады. Намаздан кейін мұсылмандар қайтыс болған адамдарды еске алу үшін зиратқа барады, содан кейін құрбандық шалуды бастайды. Марокконың мерекені атап өтудегі басты ерекшелігі - музыка. Олар бұл мерекені де, тіпті күнделікті өмірлерін де музыкамен әрлендіреді.

Мысыр

Мысырда негізгі халық арабтар болғандықтан Құрбан айт Меккедегі қажылықтан кейін үш-төрт күннен соң басталады. Олар қойды немесе түйені құрбандыққа шалып, мерекелік тағам дайындайды. Үлкен дастархандар жайылып, одан кез келген адам дәм тата алады. Мереке кезінде достар мен туыстар бір-біріне сыйлық жасайды. Мейрам басталғаннан кейін мұсылман халық достарына, туыстарына қонаққа барады.

Біріккен Араб Әмірлігі

Бұл елде Құрбан айт мерекесі ерекше көлемде аталып өтеді. Құрбандық шалынады. Мемлекеттік секторды дамыту министрлігінің шешімі бойынша, мереке күндері елдің барлық мемлекеттік және муниципалды мекемелері жабылады. Мысалы, Дубайда 200 түрлі ұлт өкілі тұратындықтан, мұнда екі апта бойы Ид Әл-Адханың құндылықтарын және әдет-ғұрыптарын түсіндіретін, сондай-ақ бірлік идеясын көрсететін көптеген іс-шаралар өткізіледі. Бұдан бөлек, Дубайдағы сауда орталықтарында бірнеше миллион дирхам мөлшеріндегі жүлделер мен лотереялар ойнатылады. Балаларға арналған көптеген ойын-сауық шаралары ұйымдастырылады.

Эстония

Ондаған жылдар бойы коммунистік қысымда болған Эстония мұсылмандары Құрбан айт мейрамын атап өтуге ерекше көңіл бөледі. Ал құрбан шалу ісі коммунистік режимнен шыққаннан кейін қолға алынған. Ид Әл-Адхада ауқатты адамдар қойды немесе сиыр, түйе сияқты ірі қараны құрбандыққа шалады. Эстония бұл мерекені мұсылмандар мен эстон қауымдастығының арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға көмектеседі деп есептейді.

 

Дереккөз: The Qazaq Times

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив