KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 0,6 м/с, В
439.43 473.31 4.82

Альцгеймер ауруына қарсы жаңа дәрі сынақтан сәтті өтті

Фото: egemen.kz

18.07.2023, 10:13 558

Жаңа донанемаб препараты зертханалық сынақтан сәтті өтті. Ол адамның когнитивті қызметінің төмендеуін шамамен үштен бірге баяулата алатынын, яғни деменцияның кең тараған түрі – Альцгеймер дертімен күреса алатынын дәлелдеді.

ВВС мәліметінше, JAMA басылымында жарияланған зерттеу нәтижесі 18 ай ішінде әлем бойынша жүргізілген сынаққа негізделді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Волонтерлер қатарында 80 жастағы британ азаматы Майк Колли де болды.

Ай сайын Лондон клиникасында оған жаңа препаратты егеді. Сонымен қатар ол ВВС-ге берген сұхбатында күннен-күнге өзіне деген сенімі артып жатқанын айтты.

Британияның дәрілік заттардың айналымын қадағалайтын мекемесі препаратты Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде (NHS) пайдалану мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Қаңтарда америкалық дәрі нарығын реттеуші (FDA) донанемабты жедел тіркеу туралы өтінішті қауіпсіздігіне күмәнданып мақұлдамады.

Өндіруші енді зерттеу жүргізгенін ескере отырып, препаратты FDA жыл соңына дейін мақұлдайды деп үміттеніп отыр.

Дәрі аурудың алғашқы кезеңінде және тек Альцгеймер дертіне қарсы көмектесетінін есте сақтаған абзал. Деменцияның басқа түрлерін емдемейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив