KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Қырғызстанда «Ы» әрпіне ескерткіш қойылады

Фото: akipress.org

26.04.2024, 16:00 78 Айжанат Бақытқызы

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласындағы «Ынтымақ» саябағында «Ы» әрпіне арнап ескерткіш қойылады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Informburo.kz порталына сілтеме жасап.

Ескерткіш 29 сәуірде ашылады деп жоспарланған. Бұл әлемде «Ы» әрпіне қойылған тұңғыш ескерткіш болмақ. 

Басылымның жазуынша, Қырғыз-орыс сөздігінде "Ы" әрпінен басталатын 600 сөз бар. Қырғыз тілінде "ы" дыбысының болуының арқасында "Қырғыз", "Қырғызстан", "қырғыз халқы" сынды бренд сөздер айрықша танымалдылыққа ие болған. 

Ескерткіш арнайы QR-кодпен жабдықталады. Код арқылы өтіп, Қырғызстан туралы ақпаратпен екі – мемлекеттік қырғыз және ресми орыс тілдерінде танысуға болады. Онда Қырғызстанның географиясы, тарихы мен халқы туралы мәліметтер, сондай-ақ қырғызша-орысша сөздік орналастырылады. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив