KZ
Өскемен
снег жел 9 м/с, Ю
525.11 546.74 4.88

Шемонаиха ауданына жаңа әкім тағайындалды

30.12.2024, 13:19 364 Төлеуғазы Жансая


Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімі бойынша Шемонаиха ауданының әкімі қызметіне Дидар Кеңесбаев тағайындалды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.  

Дидар Мұхтарбекұлы бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің басшысы қызметін атқарған. Ол екі жоғары білімге ие, екеуін де Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде құрылыс саласы бойынша алған.

Жаңа аудан әкімін кезектен тыс мәслихат сессиясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев таныстырды.  

Өңір басшысы Дидар Кеңесбаевтың құрылыс және басқару саласында мол тәжірибесі бар екенін атап өтті. Жаңа әкімге қойылған негізгі міндеттердің бірі – туризм мен логистиканы дамыту.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу