KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Қала әкімі ардагерлермен жолықты – Өскемен

9.05.2023, 12:56 324

Жеңіс күнін жақындатуға қатысып, үлес қосқан ардагерлердің бұл күн туралы естеліктері әртүрлі. Бірі – сарбаз, бірі – дәрігер, біреуі – концлагерь қасіретін тартқан жан, төртіншісі зұлмат жылдары тылда еңбек еткен бозбала еді. Бірақ бәрінің үлесі елеулі, еңбегі айтулы. Ардагерлер ерлігі әрқашан ерекше ұлықталуы тиіс.
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар соғысты көзімен көріп, жанымен сезген ардагерлерге құрмет көрсету үшін жолығып, Жеңіс күніне орай құттықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
 "Жеңіс күні қарсаңында дәстүрлі түрде сол ұлы оқиғаға қатысқандарға барып қайттық. Осы батыр ата-апаларымызды мерекемен құттықтау – мен үшін зор қуаныш", – деп жазды қала әкімі.

  ҰОС ардагерлерінің бірі Иосиф Архипович Зуев – III дәрежелі «Даңқ», «Отан соғысы» ордендерінің кавалері және 13 медаль иегері. Ардагер бүгін мерекемен қатар 100 жасқа толған мерейтойын атап өтті. 
  Ал Николай Андреевич Васильчук соғыс жылдары туғандарынан айырылып, концлагерь қасіретін көрген. Жұбайы Тамара Васильевна – тыл ардагері, соғыс жылдары өңірде хирург қызметін атқарған.
  Соғыс басталған жылы 6 жасар Ораз Қабидуллин тылдағы әйелдер мен қарттарға жәрдемдесіп, өз үлесін қосты. Қария жеңіс туралы хабарды алған сәтті әлі күнге дейін ұмытпаған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив