KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 2 м/с, В
441.66 475.14 4.86

ШҚМУ-да дәстүрге сай ардагерлер үшін мерекелік дастархан жайылды

6.05.2018, 06:50 109

Жеңіс күні қарсаңында ШҚМУ-да дәстүрге сай ардагерлерүшін мерекелік дастархан жайылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Университетте еңбек еткен соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген құттықтады.


Мереке дәстүрлі бір минут үнсіздікпен басталды. Наградалары мен Жеңіс ленталарын тағып келген ардагерлер дастархан басында емен-жарқын әңгімелесіп, жауынгер майдандастарын, жастық шақтарын еске алысты, соғыс жылдарындағы әндерді шырқап,би биледі.


Мереке ардагерлерге сыйлықтар табыс етумен жәнеестелік суретке түсумен аяқталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив