KZ
Өскемен
+10°
дымка жел 1 м/с, С
481.19 538.45 5.18

Саяжай қоғамының аумағындағы өрт уақтылы жойылды – Өскемен

Фото: gov.kz

11.05.2023, 11:47 357

Өскемен қаласы ТЖБ инспекторлары өрттің таралуына жол бермеді. Қаладағы "Восточник-5" саяжай қоғамының аумағында профилактикалық рейд жүргізу кезінде ШҚО ТЖД Өскемен қаласы ТЖБ инспекторлары және №7 ӨСБ жүргізушісі бұтаның, құрғақ шөп пен қоршаудың жанып жатқанын байқаған. Инспекторлар қолдан құралдар жасап, шелек пен күрек алып, өртті сөндіруге асыққан. Инспекторлар шақырған өрт сөндірушілер жалынды сөндіруге көмектесті.

Жанған аумақ 200 шаршы метрді құрайды. Мамандардың уақтылы әрекетінің арқасында өрт үйлерге тараған жоқ. Өртке көршінің құрғақ шөпті тұтатып, кейін жалынның жайылуын тоқтата алмауы себеп болған. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.  

Полиция қызметкерлері мен орманшылардан құралған мобильді топтардың өңірдегі қызметі өрт кезінде жергілікті атқарушы органдардың шұғыл әрекет етуіне және қауіпсіздік шараларының дұрыс орындалуына мүмкіндік береді.

ШҚО ТЖД өрттің алдын алу үшін саяжайдың айналасын құрғақ шөптен, өсімдіктерден, қоқыстардан және жанғыш материалдардан уақтылы арылту керектігін еске салады.

Дерекке сүйенсек, саяжай аумағында шөпті өртеуге (әсіресе желді ауа райында) тыйым салынған. Сонымен қатар аумақта су құйылған бөшке мен алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы міндетті.

ШҚО ТЖД хабарлауынша, отты рұқсат етілмеген жерде тұтату және ӨҚЕ бұзып, құрғақ шөпті жағып, бақылаусыз қалдыру дерегі үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.     

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив