KZ
Өскемен
+13°
небольшой проливной дождь жел 5 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Үздік кәсіпкерлер марапатталды – Өскемен

Фото: Григорий Прыгов

4.06.2023, 17:52 273

Облыс орталығында үздік кәсіпкерлерге құрмет көрсетілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар бірнеше номинация бойынша анықталды.

Олардың ішінде "Құрылыс саласындағы үздік кәсіпкер", "Үздік әйел кәсіпкер", "Үздік жас кәсіпкер", "Үздік сауда кәсіпорны" және басқа да аталымдар бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өскемен қаласы әкімі Жақсылық Омар құттықтау сөзінде бизнесмендердің әрқайсысының Өскемен қаласын дамытуға, облыс орталығының Қазақстандағы экономикалық жағдайды нығайтуға қосқан елеулі үлесін атады.

 Құрылыс саласында – ең үздік деп Илья Елфимов танылды, "ДСУ-11" ЖШС, халық үшін тауарлар өндіру саласында – Анна Аберле, "Эмиль" ЖШС, қызмет көрсету саласында – Ерғали Түсіпбеков, "Best Western Plus Oskemen" қонақ үйі, сауда саласында – Сергей Коротин, "Фирма НКГ" ЖШС жеңімпаз болды.

Ал үздік әйел кәсіпкер – Бақытжан Құдушева, "Екі өзен" мейрамханасы, үздік жас кәсіпкер – Нұргүл Дәуітбек, "GRAF-IN" рестобары, үздік әлеуметтік кәсіпкер – Жұлдыз Уалиева, "Құрақ"ательесі атанды.

Сонымен бірге жылдың үздік кәсіпкері болып Арман Сүлейменов, "Үлбі-ТВС" ЖШС таңдалды.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері қала әкімінің сыйлықтарымен және грамоталарымен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив