KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
491.71 529.97 5.05

ШҚО тұрғыны көкнәр өсірген

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды

15.08.2023, 11:36 277

Шілде айының соңында полиция қызметкерлеріне Өскемен қаласына қарасты ауылдардың бірінің тұрғыны бақшасында есірткілік көкнәр өсіретіні туралы мәлімет түскен.

ШҚО ПД дерегінше, жедел іздестіру іс-шарасының барысында тәртіп сақшылары 1974 жылы туған күдікті азаматты анықтап, ұстаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оқиға орнын тінту кезінде 76 түп есірткі өсімдігі, 2 тостаған мен 3 шприц, өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді. Тәркіленген өсімдіктерге сараптама тағайындалды. Тұрғынның түсіндіруі бойынша, ол өсімдікті жеке тұтыну үшін өсірген.

Облыс тұрғынына қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы тағайындалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив