KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
513.55 602.09 6.42

Өскемендік кәсіпкер жолдың жағдайынан хабар беретін LED экран орнатуды ұсынды

9.11.2023, 18:30 294 Ләззат Қанатқызы

Өскемендік кәсіпкер қаланың шығаберіс жолдарына ауа райынан хабар беретін LED экран орнатуды ұсынды.

Бүгін қала әкімі Жақсылық Омар жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, жеке мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Қаладағы әр түрлі 7 жол учаскесіне жолдың жағдайы мен ауа райын көрсететін LED экран орнатуды ұсынамын. Бұл жол апатының алдын алуға көмектеседі. Басқа да шетелдерде бұл тәжірибе жүзеге асырылып, өз нәтижесін берген, - деді Марат Заркомбаев.

Шаhар басшысы кәсіпкердің ұсынысын қолдап, жауапты органдарға тапсырма берді.

- Тек қаланың шығаберісіне емес, көлік көп жүретін көшелерге орнатуды ұсынамын. Әу баста 2 жерге орнатып көрейік, егер өз нәтижесін беріп жатса санын көбейтіп, шығаберіс жол учаскелеріне де орнатамыз, - деді Жақсылық Мұқашұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу