KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 3 м/с, С
443.72 482.28 4.9

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған мемориал жөнделді - Өскемен

16.11.2023, 16:01 195 ALTAINEWS

ШҚО-да көшелерді жарықтандыру, балалар мен спорт алаңдарын, футбол алаңдарын, воркауттарды орнату және жөндеу, субұрқақтар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және орнату жұмыстарын қамтитын ауқымды шаралар қолға алынған. 

Жақында ғана Өскемен қаласындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған мемориалды ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Көшелерді жарықтандыру, балалар мен спорт алаңдарын, футбол алаңдарын, воркауттарды орнату және жөндеу, субұрқақтар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және орнату жұмыстарын қамтитын ауқымды шаралар жалпы облыс көлемінде атқарылып жатыр. 

-Ағымдағы жылы елді мекендерді абаттандыру бойынша 171 жоба іске асырылды. Қазір аяқталмаған 4 жоба ғана қалды, олар жылдың соңына дейін аяқталады. «Ауыл–ел бесігі» бағдарламасы аясында елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру бойынша 337 млн.теңгенің 17 жобасы аяқталды. Бұдан бөлек 3 жобаға 125 млн. теңге қарастырылған болатын. Ол - Өскемен қаласындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған мемориалды ағымдағы жөндеу, Күршім ауданының Маралды және Үшбұлақ ауылдарында көше жарығын орнату. Бұл жұмыстар да аяқталды,-деді ШҚО құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Рамазанов.


 Автор: Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив