KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность Штиль
512.83 600.58 6.36

Өскемен жатақханаларында кезекті профилактикалық рейд өтті

3.12.2023, 15:00 305 Назерке Каримова

ШҚО ТЖД инспекторлары "Жатақхана" іс-шарасы шеңберінде Өскемендегі көппәтерлі және шағын отбасылық үйлерде, жатақханаларда кезекті профилактикалық рейд өткізді.

Бүгінде немқүрайлық пен салғырттықтың кесірінен өрттің көбеюі себеп болуда. Оларды тіпті, кіреберіске кірген бойдан-ақ бірден байқауға болады. Мәселен, ашық жатқан электр сымдары, дәліздер мен алаңдарды жанғыш материалдармен және қоқыспен үйіп тастау, кез келген жерде темекі шегу сияқты көріністерді мұндай жатақханаларда көптеп байқауға болады. 

- Тұрғындарға ТЖ қызметінің мамандары қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулықтар өткізді, өрттің алдын алу үшін қандай бұзушылықтарды жою керектігі туралы ұсыныстар берді. Пәтер иелері де, көп пәтерлі тұрғын үй-пайдалану ұйымдарының басшылары да  қоқыстардың өртке алып келетін тұзақ екенін әрдайым есте ұстаған жөн, - дейді ТЖД мамандары. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу