KZ
Өскемен
-18°
туман жел 1 м/с, С
508.91 594.36 6.33

ТЖБ мамандары Өскеменде өрт шығу қаупі бар ғимаратты анықтады

Фото: gov.kz

23.08.2023, 11:54 371

Өскемен қаласының ТЖБ мамандары 30-шы гвардиялық дивизия көшесінде орналасқан үйде өрттің тұтануына себеп болатын бірқатар жағдайды анықтады.

Өскемен қаласының ТЖБ дерегіне сүйенсек, бүгін таңертең аталған үйде өрт шыққан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өрттің тұтануына тұрғынның өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуы себеп болған.

ТЖБ бүгінгі таңда ғимаратта өрт қаупін тудыратын жағдай қалыптасқанын хабарлады. Мамандар үйді тексеру кезінде пәтерлердің басым бөлігінде ақауы бар электр сымы мен талапқа сай келмейтін розеткалар қолданылатынын, пәтер иелері кіреберісте темекі шегетінін анықтаған. Сонымен қатар өрт кезінде ғимараттан шығуға арналған эвакуациялық жол жанғыш материалдар мен қоқысқа толып қалғаны жазылған.

ТЖБ инспекторлары түсіндіру жұмысын жүргізіп, қауіпсіздік талаптарын орындамаудың салдарын жеткізді.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу