KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 10 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Жылу жүйесінде жаңа тариф – Өскемен

Фото: 2gis.kz

28.01.2024, 11:30 154 Ынтымақ Толқын

Бұл туралы «Өскемен жылу жүйелері» АҚ ресми сайтында жариялады деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ хабарламасы: 

“ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің ШҚО бойынша Департаментінің 23.01.2024 жылғы № 19-НҚ бұйрығы негізінде 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 2025 жылғы 31 қаңтарға дейін стратегиялық тауарлар – көмір және сатып алынатын жылу энергиясы бағасының өсуіне байланысты жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау жөніндегі қызметтерге жылу энергиясын есепке алу аспаптарының (бұдан әрі - ЖЭЕА) бар болуына немесе болмауына байланысты мынадай тарифтер бекітілді:


халыққа - 3683,57 теңге/Гкал, оның ішінде ЖЭЕА бар болса - 2756,93 теңге/Гкал, ЖЭЕА болмағанда - 4420,28 теңге/Гкал;


бюджеттік ұйымдарға - 17215,00 теңге/Гкал, оның ішінде ЖЭЕА бар болса -16750,88 теңге / Гкал, ЖЭЕА болмағанда – 25822,50 теңге/Гкал;


басқа тұтынушыларға - 12730,11 теңге/Гкал, оның ішінде ЖЭЕА бар болса - 12610,84 теңге/Гкал, ЖЭЕА болмағанда – 16549,14 теңге/Гкал.


ҚҚС есептеу арқылы ЖЭЕА жоқ жеке тұлғалар үшін жылыту ақысы: 12 айға бөлумен – 88,74 тг/м2, 7 айға бөлумен – 152,12 тг/м2 құрайды. Ескі үйлерде тұратын тұтынушылар үшін 12 айға бөліп төлеу арқылы -73,95 тг/м2, 7 айға бөліп төлеу арқылы -126,77 теңге/м2.  


Жеке есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін ыстық сумен жабдықтау қызметтері үшін ҚҚС-пен төлемақы мөлшері - 861,43 тг/адам/ай, жеке есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін – 348,04 тг/м3.


Ескірген үйлерде тұратын және жеке есепке алу аспаптары жоқ тұрғындар үшін ыстық сумен жабдықтау қызметтері үшін ҚҚС-пен төлемақы мөлшері – айына 717,85 тг/адам, жеке есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін - 290,02 тг/м3.


Егер ЖЭЕА бар болса, әр есеп айырысу кезеңінде және әр үй үшін ыстық сумен жабдықтау және жылыту қызметтерінің құны әр түрлі болады және ол ЖЭЕА-ның нақты көрсеткіштеріне байланысты болады”.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив